Абай облысыТОП

Абай облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстар жалғасады

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста өңірдегі кәсіпкер азаматтарды аймақтың дамуына үлес қосуға шақырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ақсуат ауданының тумасы, «Тұғыры биік Тарбағатай» фестивалінің ұйымдастырушысы Дулат Тастекеев бірнеше жылдан бері туған жерінің түлеуіне үлес қосып келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы түсінген азамат Ақсуат ауданына 4 млрд салық құйған. 1 жарым миллиард теңгені ауданның инфарқұрылымын нығайтуға жұмсаған.

«Облыс әкімдігінің бастамасымен бір топ азаматтар Ақмола облысындағы Родина ауылына барып қайтқан болатынбыз. Осындай ауылдар біздің облыста да болады деп ойлаймын. Туған жеріміздің, облысымыздың жоғары деңгейде дамуына әсер ететін осы отырған әрқайсымыз. Баршаңызды туған жерді түлеутге шақырамын», – деді кәсіпкер.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button