КриминалСемейТОП

Семейде алаяқ әйел адамды 1,4 млн теңгеге алдаған

Семейлік әйел адамның сеніміне кіріп, мүгедектік рәсімдеп беремін деп алдаған әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 23 мамырында Орталық полиция бөліміне «102» арнасы арқылы Семей қаласының тұрғыны, 47 жастағы әйел адам хабарласып, 2020 жылғы қазан айының ортасында бейтаныс әйел адам оның сеніміне кіріп, мүгедектік рәсімдеп беремін деп 1 400 000 теңгеге алдап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған іс кезекшілік тәулік ішінде ашылды. Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін күдікті ретінде 27 жастағы әйел адам анықталды (2021 жылғы 9 сәуірден бастап Орталық ПҚ ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жылға бастандығын шектеумен есепте тұрады). Күдікті өз кінәсін мойындады, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button