Абай облысыТОП

Абай облысында жылу көздері мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2024 жылы Абай облысында 11 жылу көзін және 37,9 шақырым жылу желілерін салу, қайта жаңғырту және ағымдағы жөндеу бойынша 28 жоба іске асырылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оның ішінде Семей қаласы бойынша 19 жоба, Бородулиха ауданының Новая-Щульба кентінде екіблокты-модульді қазандық және 1,1 шақырым жылужелілерін салу, Аягөз ауданында 4,2 шақырым жылужелілерін ағымдағы жөндеу, Жарма ауданының Шуақкентіндегі  қазандықты жөндеу, Курчатов қаласындатөрт жылу көзін және 2,2 шақырым жылу желілерінағымдағы жөндеу, сондай-ақ Абай ауданы Қарауылауылындағы қазандық пен 500 метр жылу желілерінжөндеу бар. Бұл туралы облыстың әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілгенкеңесте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өтті.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 64,2% – дан 56,4% – ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Семей қаласын жылумен жабдықтаудың негізгіпроблемаларының бірі-қаланың оң жағалауындасағатына 147 Гкал құрайтын жылу энергиясыныңтапшылығы. Бұл мәселені шешу үшін қуаты 360 МВт және сағатына 1200 Гкал болатын ЖЭО-3 салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу аяқталуда.

Айта кетейік, Абай облысын орталықтандырылғанжылумен жабдықтауды 11 кәсіпорын қамтамасыз етеді, оның құрамында 44 жылу көзі және бюджеттікұйымдарды жылумен қамтамасыз ететін 273 дербесқазандық бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button