КриминалСемейТОП

Семей қаласының тұрғынынан 4 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Семей қ. ПБ жүргізілген «Дәрмек-2021» ЖІІ барысында 4 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Semey News.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 26 мамырында заңсыз есірткіге қарсы күрес бөлімі және есірткі қылмысына қарсы күреске тағайындалған криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге жүргізілген “Дәрмек-2021” ЖІІ барысында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдіктіні ұстады. 29 жастағы семейліктің үйінен полицейлер ерекше иісі бар өсімдік тектес есірткі затын тапты және сараптамаға жіберді.  Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты – «кептірілген марихуана», жалпы салмағы 4 келі 460,49 грамм. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша  үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті  қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button