Абай облысыТОП

Абай облысында Азаматтық бастамалар орталығы ашылды

Орталықтың басты міндеті – азаматтық бастамаларды, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар жұмысын қолдау. Аталмыш мекемеде қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне әдістемелік, консультациялық көмек көрсетілмек. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі баспасөз конференциясында “Абай облысының Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Эльзира Жүнісова мәлімдеді.

  • Облысымызда Азаматтық бастамалар орталығы жұмысын бастады. Орталық консультациялық, заңгерлік, әдістемелік қолдау көрсетуге арналған. Біз кез-келген бастаманы қолдаймыз. Мұнда жас айырмашылығы маңызды емес. Мұнда сіздерге ұйымды қалай тіркеуге болатындығы, тендерлерге қалай қатысуға болатындығы, гранттық қолдауды қалай алуға болатындығы туралы айтып береміз. Байланыс орталықтарымыз жұмыс істейді. Сондай-ақ көшпелі семинарлар да өткіземіз. Оның барысында сіз өзіңізге қажетті ақпаратты да аласыз, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, Эльзира Жүнісова орталық азаматтардың түрлі мәселелерін шешуге көмектесетінін де айтты.

  • Халықтың барлық бастамаларын осы жерде жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, орталық базасында кездесулер мен түрлі іс-шаралар, семинарлар өткізуге болады. Біздің орталықтың есігі сіздер үшін әрқашан ашық, – деп қорытындылады Эльзира Жүнісова.

“Шығыс Жастары” қоғамдық қорының атқарушы директоры Алиби Абдураимов Азаматтық бастамалар орталығы облыс аудандарының тұрғындарымен де жұмыс істейтінін атап өтті.

  • Орталық Абай облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен ашылды. Біз 100 шаршы метр ғимарат алдық. Жоба сәуір айында басталды, бүгінгі күнге дейін «Халықтың қажеттіліктерін, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін және үкіметтік ұйымдардың ұсыныстарын талдау және бағалау негізінде мемлекеттік тапсырыс лоттарының нысанасын қалыптастыру тәжірибесін кеңейту» тақырыбында 1 семинар-тренинг өтті. Сонымен қатар, аудандарда тұратын азаматтардың бастамаларын да қарастырамыз. Жобалық қызмет бойынша Аягөз, Үржар, Көкпекті, Ақсуат аудандарында арнайы кездесулер өткізілді, жыл соңына дейін барлық аудандарды аралау жоспарлануда, – дейді Алиби Абдураимов.

Орталықтың мекенжайы: Семей қаласы, Павлов көшесі 101а. Сенім телефоны: 8 708 484 73 34.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button