Абай облысыБілімТОП

Абай облысы цифрландыру және IT-инновациялар орталығына айналды: халықаралық чемпионаттардағы жеңістер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында цифрландыру және инновацияны енгізу мәселесіне басты назар аударып, «Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деп атап көрсетті. Қазіргі жаһандану, барлық салаларды цифрландыру заманында педагогтер, білім алушылар, IT компаниялар аймақта біртұтас инновациялық экожүйені құруға өз үлестерін қосуда.

Абай облысының оқушылары мен студенттері де жаңа инновациялық бағытты дамытуды қолдайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың инновациялық жобаларды енгізу бөлімінің басшысы Гаухар Нұрғалиева мәлімдеді.

  • Өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, үздік ІТ startup шешімдерін қолдау мақсатында Абай облысының білім басқармасы және облыстық инновациялық-әдістемелік орталығымен «Zerde», «Robotek grand tournament», «First Kazakstan Championchip», «Арман Инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Болашақ инженерлер» жобасының аясында «R:ED FEST», «Roboland», «Kazrobotiсs», «RoboZerde 2024» чемпионаттары, «Steam fest digital Abai» фестивалі, туризмді дамытуға бағытталған мобильді қосымшаларын жасау аясында және робототехникадан хакатондары, «3d үлгілеу», «Жасанды интеллект», видео және медиа бағыттары бойынша байқаулар, спорттық бағдарламалаудан олимпиадалар мен турнирлер ұйымдастырылып, өткізілді, – деп атап өтті спикер.

Айта кету керек, Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионаттарда: Индонезияда, Сингапурда, Орталық Азияда, ҚХР мен Түркияда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Қатысқан жарыстарында балалар «Үздік робот» пәндері бойынша гран-при жеңіп алса, сондай-ақ Қырғызстанда “қиындықтарға қарамастан”номинациясына қол жеткізген.

  • Жалпы 600-ден аса оқушы облыстық, 50-ден аса – республикалық, 25 – халықаралық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды. Сондықтан қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға қашан да асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін шыңдап ұмтылатын, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатары көп болатынына сенемін, – деп атап өтті Гаухар Нұрғалиева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button