Covid-19ҚазақстанТОП

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 19 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясынан (КВИ+) және COVID-19 белгілер бар пневмониядан (КВИ-) 19 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирустан 15, пневмониядан 4 адам көз жұмды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирус инфекциясынан 4 007 адам қайтыс болды. Былтырғы 13 наурыздан бері COVID-19 белгілері бар және ПТР сынағы теріс шығатын пневмониядан 3 376 өлім тіркелген.

2 маусымда коронавирустың 1 385 жаңа жағдайы анықталды. Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 390 376-ға жетті, 362 018 адам аурудан жазылған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметтері бойынша, 1 маусымда COVID-19 белгілері бар пневмонияның 91 жағдайы тіркелді. Республикада пневмония 55 477 адамнан анықталды.

3 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 995 адам коронавирус инфекциясынан (24 351 КВИ+ және 644 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 9 468 пациент стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 589 адамның жағдайы ауыр,
– 128 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 83 науқас жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button