Абай облысыТОП

Абай облысы «Juldyzai-24» XIX республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орынға ие болды

Республикалық турнирде жеңімпаз атанған 29 бала Гала концертте өнер көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

І орын алған «Непоседы» вокалдық тобы мен «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі халық дауысына ұсынылды. Нәтижесінде еліміз бойынша Абай облысы жүлделі үшінші орын иеленді.

Бұған дейін өткен республикалық турнирде Вокал номинациясы бойынша №3 арнайы мектеп-интернатының «Непоседы» вокалдық тобы «Танцуй со мной» әнімен және Аспаптық орындау – ұжым номинациясы бойынша «Балбырауын» күйімен «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі жүлделі І орындарға ие болды.

Вокал-соло номинациясы бойынша «Уақыт» әнімен №3 арнайы мектеп – интернаты оқушысы Даулет Сымағұлұлы ІІІ орын алса, Хореография – ұжым номинациясы бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы хореографиялық дуэті «Пеппи длинный чулок» биімен ІІ орын және №4 арнайы мектеп-интернатының «Аққу» студиясы «Қара жорға» биімен ІІІ орын қанжығалады.

Аспаптық орындау – соло номинациясы бойынша «Япурай» халық әнімен №3 арнайы мектеп-интернаты оқушысы Кәусар Тілекқызы ІІ орын иеленді.

Жеңімпаздар Астана қаласында 1 маусымда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен сахнада Гала-концертке қатысып, ол «Хабар» телеарнасы мен «JULDYZAI» қорының YouTube әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button