СемейТОП

Семей қаласының әкімі Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Кеше Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов “Семей Водоканал” кәсіпорын басшысымен бірлесіп, Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылы Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерін салу жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері»ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жобада Водный және Восход кенттерінде ұзындығы 36 км су құбыры желілерін салу көзделген, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Кездесу барысында тұрғындар су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген “AKM Invest Group” ЖШС ұйымына шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша мердігерлер үйге су құбырын тарту үшін қомақты қаржыны талап еткен.

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов өз кезегінде биыл су құбырын үйге кіргізуге үлгермеген тұрғындар эксплуатациядан кейін су желілері “Семей Водоканал” теңгеріміне өтетіндігін және тұрғындар кез келген уақытта құбырды үйге кіргізе алатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ, Полиция қызметкерлеріне қызмет құнын шамадан артық арттырған мердігерлердің ісін қатаң бақылауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button