Абай облысыМерекеТОП

Абай облысының аудандарында балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

Үржар ауылының Балалар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке аясында саябақта субұрқақ іске қосылды. Білім бөлімі балалар арасында Отан, отбасы, бейбітшілік тақырыбында сурет байқаулары мен көңілді эстафеталар, спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Бесқарағай ауданында 20 алаң абаттандырылып, жол бойында ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Жалпы аудан бойынша 30-дан астам балалар алаңы бар.

Көкпекті ауданының Ұлы Дала елі алаңында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара аясында балалар дайындаған мерекелік концерт қойылып, асық ату эстафеталық жарыстары, садақ ату, ұйымдастырылды. Балалар асфальт пен қағазға сурет салды. Сонымен қатар, балаларға арналған кітап көрмелері ұсынылды. Орталық алаңға жиналған балалар үшін тегін балмұздақ пен басқа да тәттілер болды.

Абай ауданының Қарауыл ауылында «Біз бақытты баламыз» мерекелік іс-шарасы өтті. Балалар арасында арқан тарту, асық ату, көңілді старттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар сурет салу байқауы өтті.

Жаңасемей ауданының ауылдық округтері мен кенттерінде балаларға арналған музыкалық, әрі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстар өткізіліп, театрландырылған қойылым қойылды. Қайнар ауылында түрлі жарыстарда жеңіске жеткен оқушылар шеруі өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button