ҚазақстанСпортТОП

Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына жолдама алды

Қазақ шахматшысы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына (Women's Speed Chess Championship) жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жылдам шахматтан әлем чемпионаты – кіл мықтылар қатысатын және онлайн форматта өтетін осы жылдың басты бәсекесі. 28 мамырда басталған іріктеу кезеңі 6 маусымға дейін жалғасады. Ал негізгі бәсеке 10 маусымда басталып, 3 шілдеде аяқталады. Чемпионаттың жүлде қоры 66 000 АҚШ доллары. IM Бибісара Асаубаева үшінші мүмкіндігінде жолдамаға ие болды. Отандасымыз алдыңғы чемпионаттарда плей-оффтан ары аса алмаған.

Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына жолдама алды 2021 жылғы 3 маусым 08:36Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ шахматшысы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан әйелдер чемпионатына (Women’s Speed Chess Championship) жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды Жылдам шахматтан әлем чемпионаты – кіл мықтылар қатысатын және онлайн форматта өтетін осы жылдың басты бәсекесі. 28 мамырда басталған іріктеу кезеңі 6 маусымға дейін жалғасады. Ал негізгі бәсеке 10 маусымда басталып, 3 шілдеде аяқталады. Чемпионаттың жүлде қоры 66 000 АҚШ доллары. IM Бибісара Асаубаева үшінші мүмкіндігінде жолдамаға ие болды. Отандасымыз алдыңғы чемпионаттарда плей-оффтан ары аса алмаған. Әр іріктеу кезеңі 21 айналымнан тұратын швейцариялық жүйе бойынша (уақытты бақылау 1+1) және сегіз жеңімпаздың арасында өтетін нокауттан тұрады. Келесі іріктеу жарысы бүгін 3 маусымда басталады. Айта кетейік, чемпионат 16 шахматшының арасында өтеді. Ертерек жолдама алған сегіз шахматшы арнайы шақырылған сегіз ойыншымен кездеседі. Шақырту алғандар: GM Хампи Конеру (Үндістан), GM Александра Костенюк (Ресей), GM Антоанета Стефанова (Болгария), GM Анна Музычук (Украина), GM Ирина Круш (АҚШ), GM Катерина Лагно (Ресей), GM Лэй Тинцзе (Қытай). Жанкүйерлер ФИДЕ әйелдер чемпионатын Chess.com/TV және Twitch Chess.com арнасынан сарапшылардың түсіндірмесі арқылы тамашалай алады.  Әйелдер чемпионатының толық кестесін мына сілтемеден көруге болады: IDE Chess.com

Semey News

Осы айдарда

Back to top button