Абай облысыТОП

Абай облысында “Жасыл ел” еңбек жасақтарының ашылу салтанаты өтті

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараға “Жасыл ел” ұйымының жауынгерлері ғана емес, сонымен қатар Абай облысы әкімдігінің өкілдері де қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ашылу салтанатында Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев атап өткендей, “Жасыл ел” жобасы өзінің азаматтық ұстанымы бар белсенді жастарға бағытталған.

  • Бүгін мұнда ең белсенді жастар, “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының қатысушылары жиналды. Кезекті жиырмасыншы маусым өз жалауын желбіреткелі тұр. Біздің облыс жастары бұл жұмысқа тікелей атсалыспақ. Осыған дейін бағдарлама өзінің тиімділігі мен өзектілігін көрсетті. Жастар өз жауапкершілігінің арқасында болашақ үшін жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Сіздердің әрқайсыларыңыз бар күш-жігеріңізді салып, ортақ іске өз үлестеріңізді қоссаңыздар облыс бұдан әрі көркейе түседі. Қазір облысымызда “Таза Қазақстан” республикалық экоакциясы жалғасуда. Оған жастар да белсенді қатысуда, – деп атап өтті Айдар Садырбаев.

Жыл сайын жобаға қатысып, белсенділік танытатын Даяна Мұхамедханова “Жасыл ел” бұл экология үшін ғана емес, барлық жағынан пайдалы екенін атап өтті.

  • Мен алғаш рет “Жасыл елге” 16 жасымда келдім. Қазір мен 20 жастамын және биыл тағыда қатысуды ниеттімін. “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарында жұмыс істеу-бұл жастарға алғашқы тәжірибе алуға, көшбасшылық дағдылар мен командада жұмыс істеп, шыңдауға мүмкіндік беретін орта. Сонымен қатар, жаңа достар таба аласың. Және де балалардың өзін-өзі бағалауы артады, өйткені еңбекпен тапқан ақшасын дұрыс жұмсауға үйретеді, – деді Даяна Мұхамедханова.

Сонымен қатар, Айдар Садырбаев “Жасыл ел” жауынгерлерін қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету ғана емес, жұмыс кезінде олардың қауіпсіздігін қадағалау аса маңызды екенін де айтты.

  • Сіздердің атқаратын жұмыстарыңыз ортақ іске қосқан үлкен үлес болмақ. Біз сіздерге еңбектеріңіз үшін, туған өлкеңізді таза әрі әдемі етуге қосуға талпынған ниеттеріңіз үшін Алғыс білдіреміз, – деп қорытындылады Айдар Садырбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button