Абай облысыҚылмысТОП

Абай облысының полицейлері облыс орталығының екі тұрғынынан заңсыз сақталған ақбөкеннің 223 мүйізін тапты

Абай облысында ақбөкеннің 223 мүйізі үшін 2 ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Бүркіт “ҰҰ күштік қолдауымен облыс орталығының 2 тұрғынын анықтап ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Семей қаласының сыртындағы жайылымда жүрген ерлердің бірі ақбөкендердің өлген өлекселерінің көп мөлшерін тауып, мүйіздерін кесіп, кейіннен шетелге сату үшін жинағаны анықталды.

Көп бөлігін досына сақтауға берген. Қара нарықта ақбөкен нің 1 келі мүйізі үшін 100 АҚШ долларын ұсынады. Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу және жедел іс-шаралар кешені өткізіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button