Абай облысыТОП

Бородулиха ауданындағы “Таза Қазақстан” аясындағы сенбілік

Абай облысының Бородулиха ауданында “Таза Қазақстан”республикалық акциясы аясында балалар ойын алаңдарын жинау бойынша кең ауқымды акция өтті. Студенттерді, жастарды, аудан орталығының тұрғындарын қосқанда 50-ден астам адам орталық саябақтың аумағын тазалауға шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сенбілік кезінде орталық саябақтағы ойын алаңына ерекше назар аударылды. Мұнда олар жалпы тазалау, бояу жұмыстарын жүргізіп, гүлдер отырғызды. Орталық саябақта жаңа ойын алаңдары пайда болғаннан кейін ол жер балалар мен ата-аналардың уақытын қызықты өткізетін орынға айналды.

“Саябақтағы ойын алаңы-біз балалармен көп уақыт өткізетін орын. Мен оның таза, жарқын және қауіпсіз болғанын қалаймын. Сондықтан біз сенбілікке қуана қосылдық”, – дейді Бородулиха тұрғыны, 4 баланың анасы Гүлназ.

Көп қабатты үйлердегі ойын алаңдары да назардан тыс қалған жоқ. Ауылдық округ әкімдігі балаларға жазғы ойындарды толық ойнай алу үшін балалар құмсалғыштарына құм толтырды.

“Біздің ауданда ауыл өміріне бей-жай қарамайтын адамдардың көп екені қуантады. Біз, өз бірлігіміздің арқасында бірге Бородулиханы жайлы әрі тартымды ете аламыз”, – деп атап өтті саябақтағы сенбілікке қатысушы, аудан орталығының жас тұрғыны Азамат Жабесханов.

Аудан бойынша акция жүргізілгелі ТҚҚ полигонына 13900 тонна қоқыс шығарылып, 1450 ағаш пен 20800 бұта отырғызылған. Сонымен қатар 5 су қоймасының қоқысын тазалаған.

“Таза Қазақстан” өткізіле бастағаннан бері сенбіліктерге барлығы 8330 адам қатысқан. Сондай-ақ ауданда акция барысында саябақтарды абаттандыруға назар аударылып, 21 нысан тазартылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button