Covid-19ҚазақстанТОП

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Алғашқы партия Қытай вакцинасының 500 мың дозасынан тұрады, деп хабарлайды Semey News informБЮРОға сілтеме жасап.

“Қытайлық Sinovac Biotech Ltd. Биофармацевтикалық компаниясы өндірген CoronaVac вакцинасы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен ел аумағында қолдануға мақұлданған. Ол республикада қолданыстағы Спутник V, QazVac және Hayat-Vax екпелерінің тізімін толықтырады”, – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Таяу күнде екпенің 500 мың дозасы қолданысқа беріледі. Бұл екпені 18 жастан асқан азаматтарға алуға рұқсат етіледі. Екі дозаның аралық интервалы – 14-28 күн.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button