Абай облысыТОП

Абай гарнизонының жас сарбаздары алғашқы жаттығуларын өткізді

Абай гарнизонының жас сарбаздары оқу жаттығу жиынын өткізді. Осы көктемде шақырылған жауынгерлер алғаш рет қолына қару ұстап, оқу-жаттығуда автоматтан оқ атып, танкке қарсы тұрды.

Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.

Брондалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, өздеріне деген сенімділік орнату өте үлкен рөл ойнайды. Бұндай әскерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінуі сөзсіз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button