25 мамыр – Дүниежүзілік қалқанша безі күні
Бұл күн қалқанша безінің аурулары және оларды ерте диагностикалау мен емдеудің маңыздылығы туралы хабардар етуге бағытталған. Қалқанша безі организмдегі көптеген процестерге, соның ішінде метаболизмге, өсуге және дамуға әсер етеді.
Абай облысындағы қалқанша безінің аурулары эндокринологиялық аурулар арасында қант диабетінен кейін екінші орында тұр. Сондықтан мамандарға уақытылы жүгіну маңызды. Үнемі медициналық тексерулер қалқанша безінің ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретінін ұмытпаңыз, бұл толықтай жазылуға мүмкіндік береді.
Өңірдегі тұрғындарға сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 30-ға жуық эндокринолог дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ, МӘМС шеңберінде қазақстандықтарға амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік пакет қолжетімді.
Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз, қалқанша безіңізге назар аударыңыз!
Semeynews.kz