Абай облысының бес мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін облыстың барлық мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті. Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісі табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Әсел Ықыласова,
Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі – Галина Сафронова,
Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі – Саят Бодомбаев,
Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі – Қуат Оразалин,
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі – Жанар Дурмекбаева.
Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.
Semeynews.kz