Абай облысыТОП

Абай облысы әкімінің аппараты азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізуде

Облыс әкімдігінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Абай облысы бойынша департаменті және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру жайы талқыланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиында ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Бақытжан Мырзабаев, департаменттің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Айбек Мұратұлы, әкім аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшысының уақытша м.а. Еркежан Құсайынова баяндама жасады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметтер сүйенсек, облыстың жергілікті атқарушы органдары 8 439 өтінішті тіркеп, оның 5 315-і қаралды. Оның ішінде әкімшілік тәртіпте 2 765 мәселе шешілді, ал оңайлатылған тәртіпте – 2 551 сұраным, ұсыныстар мен жауаптар берілді. Өтініштердің ең көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (17,2%), білім беру (16,5%) және ауыл шаруашылығы (11,4%) салаларына қатысты болды.

Бүгінде «е-Өтініш» порталы арқылы 6 138 өтінішке талдау жасалып, оның 300-іне түсініктеме жауап берілді.

Әкім аппаратының жұмыс жоспарына азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, олардың міндеттері мен орындалу мерзімдерін талқылауға қатысты қала мен аудан әкімдіктерінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың қызметкерлерімен тоқсан сайынғы кеңестер, семинарлар ұйымдастыру енгізілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button