Абай облысыСпортТОП

Көкпекті ауданында Дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық жарыс өткізілді

Көкпекті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ Ұлттық спорт ойындары орталығы ұйымдастыруымен садақ ату сайысы болды. Оған Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының үздік мергендері бақ сынады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтар болсақ Семей, Өскемен, Риддер, Жезкент қалалары, Тарбағатай, Аягөз, Глубокое, Зайсан, Бесқарағай және Көкпекті аудандарынан барлығы 76 садақшы қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов, барша спортшыларға шараға қатысып қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Дәстүрлі садақ атудан әйелдер қалқан нысанасы бойынша 50 метрден сынға түсті. Қорытынды бойынша Семей қаласының мергені Мадина Маденова жеңіске жетіп, 100 мың теңге қаржылай сыйлық және меңімпаз медалін иеленді. ІІ орынды – Өскемен қаласының намысын қорғаған Альбина Әлібекова жеңіп алса, ІІІ орынды – Глубокое ауданының мергені Ажар Төлеуханова олжалады. Ал, Ерлер арасында 60 метр қалқан нысанасында Семей қаласы Алаш мергендері орталығының спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді. І орын иегері – Әділет Исмурзин, ІІ орын – Серікжан Төлеубеков, ІІІ орын – Еркебұлан Қанатов.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлық және жеңімпаз меделімен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button