Абай облысыТОП

Zhas project жобасының Абай облысы бойынша қорытындысы

NEET санатындағы (уақытша жұмыссыз жастар) жастарға (18 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)) әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған Zhas project жобасы жыл басынан бастап өтініштерді қабылдады.

Биылғы жылы Zhas project жобасына Абай облысы 131 өтінім келіп түскен. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде “Абай жастары” КММ жастар ресурстық орталығының директоры, жоба менторы Айдос Төлеуханов баяндады.

  • Өтінімдерді іріктеу екі кезең бойынша өтті. Бірінші қатысушылардың құжаттарының жоба талаптарына сәйкес келуі, екінші кезеңде жобаның өзектілігі, әлеуметтік маңыздылыға қарай үздік жоба иелері анықталды. Zhas project жобасы туралы ақпараттар 20 ақпаннан бастап беріліп, 25 наурыз – 25 сәуір аралығында өтінім қабылдау өткен болатын. Биылғы жылы Абай облысына жалпы құны 8 миллион теңгені құрайтын 8 грант бөлінген,- деп атап өтті Айдос Төлеуханов.

Ұйымдастырушылар жергілікті жерлерде әлеуметтік жобалардың іске асырылу сапасын тексеруді, жобалардың нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауды жүзеге асыру үшін мүдделі әріптестерді тарта отырып, мониторингтік топ құрып тексерген. Сондай-ақ түскен өтініштердегі жобаның облысқа қажеттілігін басты назарда ұстаған.

  • Айта кететін жайт Zhas project жобасына 35 жасқа дейінгі NEET санатындағы, балалар үйінің түлектері, мүмкіндігі шектеулі жастар қатысуға құқылы болды. Бүгін үздік деп танылып мақұлданған 8 жоба алдағы уақытта облысымыздың дамуына өз үлесін қосатындығына сенеміз. Облысымыздың әр өңірінен түскен жобаларды толығымен қарап, нақты шешім шығардық, -деп қорытындылады жоба координаторы Эльзира Жүнісова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button