Абай облысыТОП

Новобаженово ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылында Мир және Юбилейный көшелерінің жолын жөндеу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мердігер – «Саттарова» ЖШС. Компания сонымен қатар Бұлақ ауылындағы Комсомольская және Молодежная көшелерінің жолдарын жаңартумен айналысады. Жөндеу жұмыстарын 31 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.

«Бұл көшелердегі жолдардың жөнделмегеніне бірнеше жыл болды. Соған қарамастан, бұл бағытта қозғалыс белсенді. Облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінген, жөндеу жұмысы күнделікті бақылауда»,- деп атап өтті ауыл әкімі Дархан Кәрібжанов.

Жөндеу жұмыстарымен қатар жол бойындағы орталықтандырылған су жүйелерінің қақпақтарын ауыстырып, ретке келтіру жоспарланып отыр.

Анықтама үшін: Жаңесемей ауданының халық саны 20,1 мың адамды құрайды. Жалпы ауданы – 2 708,32 мың га.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button