Абай облысыТОП

Биылғы жылы Абай облысында 10 сауықтыру лагерлерінің жұмысын ұйымдастыру көзделіп отыр

2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімдігі басқармалармен және департаменттермен бекітілді. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Абай облысы білім басқармасының» басшысы Нұржан Ахметқалиев баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция, төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау департаменттерімен және облыс басқармаларымен келісім бойынша балалардың демалысын ұйымдастыруға мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтырумен және жұмыспен қамтумен алдын ала қамту жұмыс жоспары бойынша балалардың демалысы қала маңындағы лагерьлерде, мектеп жанындағы және қосымша білім беру ұйымдарындағы бейіндік алаңдар жұмысын ұйымдастыру бағыттары бойынша жүргізілетін болады, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button