ШҚО-да есірткіні жарнамалаушылар тобы және синтетикалық есіркіні қойып кетуші ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның нәтижесінде есірткіні насихаттау және жарнамалаумен айналысатын екі адам, сондай-ақ синтетикалық заттарды «қойып кетуді» жүзеге асырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй ғимараттарының сыртына есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкендер сайттарының аттарын жазу үшін Алтай ауданы Серебрянск қаласына арнайы келген Семей қаласының екі тұрғыны анықталды. Олар ешкімнің көзіне түспеу үшін тұрғын үйлерге сайт атауларын тәуліктің қараңғы уақытында жазған. Полиция қызметкерлері «жарнамашыларды» қылмыс үстінде ұстады, олардан бояу баллондары тәркіленіп алынды. Ұсталғандардың айтуы бойынша осындай граффити – суреттерді жапсырғандары үшін оларға әлеуметтік желі арқылы сөйлескен белгісіз тұлғалар белгілі бір ақша сомасын төлеуге уәде еткен. Енді табыстың орынан оларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төніп тұр.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Ұсталған тұлғалардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша сараланды, яғни бұл есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау болып табылады, аталған қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде».
Сондай-ақ, Өскемен қаласының тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларына синтетикалық есіркілерді қойып кететуді жүзеге асырған 20 жастағы ер адамды ұстады, тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерлерден 900 реттен артық қолданылатын есірткі дозалары тәркіленіп алынды. Қылмыскер соттың санкциясымен қамауға алынды, ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.
Semey News