ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті

Семей қаласында көлік таптап кеткен бойжеткен көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен.

Алған жарақатынан бойжеткен ауруханада көз жұмды.

— Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм бойжеткенді көлікпен таптаған — оның кездесіп жүрген жігіті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button