Абай облысының оқушылары Шанхайда топ жарды
Шанхай қаласында «First Tech Challenge China» халықаралық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қытай, Жапония және Қазақстаннан 50 команда қатысты. 600-ден аса оқушы бақ сынады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының жаңадан құрылған «TENGRI» құрама командасы Robot game номинациясы бойынша ІІ орын алса, Motivate award номинациясында үздік команда ретінде І орын иеленді. Жалпы командалық есепте үш елдің арасында ІІ орын алды.
Команда құрамында Семейдегі Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының оқушылары: Темірлан Абылхан, Радмир Жеңісбек, Осман Қуанышбеков, Балжан Найманғазина, Досжан Сабит, Нұртөре Мақсатұлы, Нұркен Төлеубек, Алан Ермекбаевтар болды.
Ойын барысында команда автономдық режимде роботтарды жарыстырып, робот бақылау ойынында пиксель жинады. Соңғы 30 секунд ішінде робот дрон ұшырып, турникке тартылды.
Облыс командасы 18-19 мамырда өткен «Shanghai First Challenge» халықаралық чемпионатына жолдама ұтып алған. Чемпионат технологиялар мен білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
Semeynews.kz