Семей қаласының Арбат алаңында «Асыл Мұра» қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесінің маусымы басталды. Жәрмеңкеге талантты қолөнершілер мен суретшілер қатысып, өздерінің ерекше туындыларын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ жергілікті шеберлердің шығармашылығын насихаттау.
Жәрмеңкеден бөлек тұрғындар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Ашық микрофон» жобасының кезекті маусымының ашылуы өтті. Бұл іс-шаралар әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізіледі.
Semeynews.kz