Абай облысыТОП

«Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері жөніндегі слеті» аяқталды

Барлық мүдделі органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, Абай облысы Полиция департаменті ұйымдастырған «Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері жөніндегі слеті» аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бірнеше күн бойы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу субъектілерінің ведомствоаралық өзара іс-қимыл аспектілері бойынша өздерінің кәсіби деңгейін көтеруге келген полицейлерге-мүдделі органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де, Полиция департаменті басқармаларының басшылары да дәрістер өткізді.

Семинар аясында әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті қағидатты жаңа заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, іс-шарада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің құқық қолдану тәжірибесінде тәуекелдерді бағалау құралын, проблемалық мәселелерді қолдану сұрақтары қаралды.

«Әрбір полиция қызметкері қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, мәселені шешу үшін қандай әрекет жасау керектігін білуі керек. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру үшін мұндай сабақтарды тұрақты негізде өткізу қажет», – деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Семинар қатысушылармен сұхбаттасумен және үздік полиция қызметкерлеріне шағын сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша осындай өзара іс – қимыл жалғасатын болады», – деп атап өтті полиция полковнигі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button