Абай облысыТОП

Абай облысында жылумен қамту нысандары бақылауда

2024-2025 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының м. а. Жандос Қайырханов «Теплокоммунэнерго» МКК өкілдерімен және мердігер ұйымдармен бірлесіп жылумен жабдықтау нысандарындағы жұмыстардың барысын бақылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жұмыс тобы «103-103А» қазандығынан «Нива» дүкеніне дейін магистралдық жылу желілерін, «Орталық» қазандығынан Қ.Мұхамедханов көшесімен ОЖП-8 дейін магистралдық жылу желілерін, ОЖП-507 және кварталішілік жылу желілерін, ОЖП-15/1 және кварталішілік жылу желілерін, ОЖП-66 және кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау және Қарағайлы шағын ауданында қуаттылығы 50 МВТ блокты-модульдық қазандығын орнату жұмыстарымен танысты.

Сапар аясында коммуналдық қызмет және мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын бәсеңдетпей керісінше кестеге сәйкес сапалы әрі уақытында орындау тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button