ҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде «Біріншілердің аймағы» балалар суреттерінің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды

«Музей түні» халықаралық акциясы аясында Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі «Магия цвета» студиясымен бірлесіп, аймақ тарихындағы нақты оқиғаларға арналған «Біріншілердің аймағы» балалар суреттерінің тақырыптық көрмесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Семей және Абай облысы-ел тарихындағы көптеген маңызды оқиғалар мен құбылыстардың отаны. Олардың көпшілігі Қазақстан тарихында бірінші болды. Көрме олардың кейбіреулері туралы көркем тілде айтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді музей маманы Алла Белякина.

Мысалы, 1833 жылы Семей қаласында Қазақстан аумағында тұңғыш музей ашылды, қазір бұл тарихи-өлкетану музейі. 1903 жылдың қыркүйегінде қалада ашылған мұғалімдер семинариясы Қазақстанның алғашқы педагогикалық білім беру мекемесі болды. 1885 жылы Семей қаласында еліміздегі алғашқы су құбырының құрылысы басталды. Әлемге әйгілі жазушы Ф. Достоевский қаланың алғашқы гүл өсірушісі болды. Ағайынды Мусиндердің бу диірмені – елімізде бірінші болды. Семейде қазақстандық футбол мен цирктің тарихы басталды-мұнда М.Әуезов ойнаған алғашқы «Ярыш»  мұсылман футбол командасы құрылды. 1923 жылы қалада Қазақстан аумағында алғашқы метрологиялық қызмет ашылды. Семейдегі Ертіс арқылы өтетін теміржол көпірі – аты аңызға айналған Түрксібтегі ең ірі көпір. Ал 1927 жылы салынған өрт каланчасы Қазақстанда өзгеріссіз қалған жалғыз осындай өртке қарсы ғимарат болып табылады. Осы және басқа да фактілер «Магия цвета» студиясы тәрбиеленушілерінің жұмыстарында көрініс тапты.

Сондай-ақ көрменің арқасында 1940 жылы Семейде ашылған Абай музейінің ел тарихындағы тұңғыш әдеби музей екенін білуге ​​болады. Қазақстанның алғашқы әнұраны да Семейден шыққан, оның авторы – Қаюм Мұхамедханов. Қазақстанның жаңа тарихына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің алғашқы жарлығы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы болды және біздің еліміз әлемде бірінші және жалғыз ядролық қарудан өз еркімен бас тартты.

Сонымен қатар, көрме өңірдің табиғи рекордтарымен таныстырады: Ертіс, оның екі жағасында Семей тұр, – әлемдегі ең ірі өзен-саласы; Бейбітшілік аралы-континенттің ең ірі өзен аралы.

Көрме 4 маусымға дейін жалғасады. Кіру тегін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button