ҚазақстанПрезидентТОП

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 71 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Кремль сайтында жарияланған құттықтауда Ресей Федерациясының басшысы қазақстандық әріптесінің екі ел арасындағы ынтымақтастық пен жеке достық қарым-қатынастарға қосқан үлесін атап өтті.

«Ресей елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды», – деп жазған Путин Тоқаевқа арналған жеделхатында.

«Мен біздің жақсы, достық қарым-қатынасымызды бағалаймын. Біз Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта да бірге жұмыс істей береміз», – деп атап өтті РФ президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Малайзия премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевті бүгінгі туған күнімен құттықтады.

Бүгін, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button