Абай облысыТОП

Абай облысында «AGROSKILLS-2024» облыстық байқауы қорытындыланды

Байқау «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь», «Фермерлік шаруашылық» және «Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану» құзыреттері бойынша өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кәсіби байқауда 6 ауылдық колледжден 26 қатысушы бақ сынады. Олар 4 модуль бойынша 8 жұмыс алаңында кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстарын 24 сарапшы бағалады.

Кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесі бойынша 18 жеңімпаз анықталды: 4 алтын, 7 күміс, 7 қола. Жалпы командалық есепте І орынды Ақсуат колледжі (2 алтын, 2 күміс) иеленді, ІІ орынды Жарма технология колледжі (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алса, жүлделі ІІІ орынмен Бесқарағай колледжі (1 алтын, 1 күміс) марапатталды.

Анықтама үшін: биыл байқау облыста екінші рет ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл шаруашылығы мамандықтарын дәріптеуге, студенттердің дайындық деңгейін бағалауға бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button