
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желі арқылы түскен шағымдарға сәйкес Аманов көшесі 23 мекенжайының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Тұрғындар ең алдымен қоқыстардың шашылып жатқандығына шағымданды. Көшпелі кеңес барысында бұл қоқыстарды үйдің басқарушы органы (КСК) тастағаны анықталды. Қала басшысы тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Д.Шаяхметоваға және жергілікті полиция бөліміне қажетті шараларды жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғындар Аманов 23 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жөндеуді өтінді. Қала әкімі Аманов 23 тұрғын үйіне қасбетін жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жоспарға енгізілгенін атап өтті.
Тұрғындар балалар ойын алаңын абаттандыру мәселесін көтерді. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов аулаларды жөндеу кезек тәртібен жүзеге асатындығын, барлық ауланы бір жылда жөндеу мүмкін еместігін айтты.
Айта кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. 2023 жылы 180 тұрғын үйді қамтитын 70 ауланы күрделі жөндеуден өткізілді, биыл 50 ауланы жөндеу жоспарланған.
Semeynews.kz