Абай облысыДенсаулықТОП

Семей медицина университетінің мобильді тобы аудандарды аралауда

Қазіргі уақытта ауылды жерлерде медициналық қызмет сапасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы іске асырылуда.

«Семей медицина университеті» КеАҚ бұл ауқымды бастаманы жүзеге асыруға үлес қосып жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қаулысы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес университеттің профессор-оқытушыларынан құралған мобильді көпсалалы топ аудандарға сапарға шықты.

Топ құрамында балалар, ересектер, шұғыл медицина, терапия пульмонологиясы, госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология, акушер-гинеколог, неонатолог, ревматолог сынды жоғары санатты дәрігерлер бар.

Мобильді көпсалалы топ Жарма, Аягөз, Үржар және Мақаншы аудандарының елді мекендеріне баруды жоспарлап отыр.

Сапар мақсаты – аудандарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button