Абай облысының полиция қызметкерлері студенттерге есірткінің зияны туралы айтып берді
Нашақорлық-әлеуметтік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл проблема қоғам үшін, адамдардың денсаулығы үшін, қоғамның саяси және экономикалық, мәдени құрылымы үшін жойқын болып табылады. Оның ең осал бөлігі – жастар. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің алдын алуға барынша назар аудару бұрынғыдан да маңызды.
Қазіргі таңда нашақорлық айтарлықтай «жасарып» кетті. Сондықтан, Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстың оқу ұйымдарында профилактикалық дәрістер циклін жалғастыруда.
Бұл жолы ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Семей қаласының медициналық университетіне барды.
3 және 4 курс студенттері үшін «Есірткі. Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізіп бейне-материал көрсетілді, ақпараттық парақшалар таратылды. 200-ге жуық студент ақпараттық материалды тыңдады.
Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында университет жатақханасының ақпараттық тақтасына есірткіге қарсы сипаттағы буклеттер орналастырылды.
Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 8-747-877-16-69 нөмірі бар жедел желі жұмыс істейтінін еске салады, онда есірткі заттарын пайдаланатын адамдар, сондай-ақ олардың таралатын орындары туралы кез келген адам хабарласа алады.
Semeynews.kz