СемейТОП

Семей әкімі тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов 50-ден астам тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатов азаматтарды қабылдау орталығында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті мәрте қабылдау өткізді. Әкімге өтініш айта келгендер тұрғын үймен қамту, ТҮКШ, орта және шағын бизнеске қолдау білдіру, қаланың шеткері аумақтарындағы кентерді тұрақты электрмен жабдықтауға қатысты өз сауалдарын қойды.

Бұдан бөлек көше саудасымен айналысатын саудагерлер де қоғамдық кеңістіктерде көше саудасымен айналысуға рұқсат беруді сұрады. Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тауып, өтініш білдірушінің сауалы қанағаттандырылды. Ал кейбір өтініштер бойынша әкім жауапты бөлім басшыларына белгіленген мерзімде біржақты шешім шығаруға тапсырма жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау орталығы мына мекенжайда орналасқан: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button