Абай облысыТОП

Абай облысының оқушысы каратэден Еуропа чемпионатына қатысады

Экономикалық лицейдің 6-сынып оқушысы Алишат Ардақұлы каратэден Еуропа чемпионатына аттанады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Алишат 4 жасынан бастап каратэмен айналысады. Ол – қоңыр жолақты жасыл белбеу иегері. Dojo «Rahimzhanova» мектебінде спортпен айналысады. Абай облысының бірнеше дүркін чемпионы, Астана қаласында Латвия, Дубай және Қазақстаннан 8 өңірдің қатысуымен өткен халықаралық жарыс чемпионы. Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Абай облысының әкімі Кубогының күміс жүлдегері.

Жаттықтырушы: Әйгерім Рахымжанова.

Айта кетейік, Алишат жүлделі ІІ орын алып, Еуропа чемпионатына іріктеуден өтті. Карта және Кумитэ бойынша Еуропа чемпионаты 2024 жылғы 23-26 мамыр аралығында Түркияның Дузше қаласында өтеді

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button