Абай облысыТОП
Абай облысында “Өрт-2024” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді

2024 жылғы 15-16 мамырда Абай облысының аумағында “Өрт-2024” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады.
Оқу-жаттығу “Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.
Абай облысы ТЖ департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды
Semeynews.kz