Абай облысыТОП

«Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

Абай облысының әкімінің кубогына арналған «Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Турнирге еліміздің әр өңірінен ұшқыр ойлы, тапқыр да талантты 32 команда қатысып, екі күн бақ сынасты.

Турнир қорытындысы бойынша «Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып Шыңғыс Нұркен мен Шыңғыс Теңсізбек атанып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Турнир финалистері Р.Өмірбаев, Ш.Таңатқызы, Н.Күздеубаев, Н.Қадырғазыев, А.Абутали, Д.Сериков атанып, оларға 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, пікірсайыс турнирінде «Үздік төреші» аталымымен Ботагөз Сағымбекова, «Үздік спикер» номинациясымен Райымбек Өмірбаев марапатталып, 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button