Абай облысыБілімТОП
Абай облысында 133 мектеп Starlink технологиясына қосылады
Облыстық білім басқармасы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Биылғы қыркүйек айына дейін интернет жылдамдығы төмен барлық мектеп STARLINK технологиясына қосылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік, 4 арнайы интернат, 3 облыстық мектеп бар, олардың барлығы 100% интернет желісіне қосылған.
Starlink технологиясына қосылу үшін облыста интернет жылдамдығы төмен мектептер анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бесқарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29.
Осы мектептерде локальді желіні жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде интернет жылдамдығы орта есеппен секундына 150 МегаБитке дейін артады.
Semeynews.kz