Абай облысының аудандарында Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті
Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев Батырлар аллеясындағы 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бородулиха ауданында Даңқ мемориалында салтанатты гүл шоқтары қойылды. Бір минут үнсіздікпен қаза тапқан батырларды еске алды. Қазіргі уақытта ауданда 127 тыл еңбеккері, соғыс жылдарында марапатталған 3 адам тұрады.
Абай ауданында да гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі, ақсақалдар, оқушылар мен тұрғындар қатысып, келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Жалпы, ауданда 54 тыл еңбеккері тұрады.
Курчатов қаласының Жеңіс алаңында 9 мамырға орай «Еске алу вахтасы» акциясы өтті. Бұл қазіргі жас ұрпақтың Ұлы Отан соғысына қатысқан жандардың батырлығына құрмет көрсетудің символы.
Жеңіс Күнін мерекелеу кезінде Ақсуат ауылының «Мәңгілік Ел» саябағында «Белгісіз солдат» ескерткішінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғандар Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінің орталық саябағында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын барысында тұрғындар майдан даласынан оралмаған, қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов ардагер Константин Гусевтің әйелі Кульбан Гуслеваға барып, естелік сыйлықтар табыс етті.
«Біздің бостандығымыз бен көк аспанымыз үшін күрескендер біздің жадымызда мәңгі сақталады. Жылдар өтеді, бірақ ерлік есте қалады. Бүгінгі ұрпақ біздің ардагерлеріміздің адалдығына таңдануда! Жеңіс күні біздің тарихымызда ұмытылмас бет болып қала береді», -деп атап өтті Бесқарағай ауданының әкімі.
Жеңіс күніне орай Мақаншы ауданының Жеңіс саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Аудан әкімі тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. Іс-шара жергілікті әртістердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Semeynews.kz