Абай облысыТОП

Курчатов қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» эко-акциясына өз үлестерін қосты

Эко-акция бүкіл елде жалғасуда және бұл барлық курчатовтықтар үшін көшелерді, саябақтарды, скверлерді және қаланың басқа да қоғамдық орындарын абаттандыруға үлес қосудың тамаша мүмкіндігі болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Курчатовта жағалауды тазарту мақсатында «Таза жағалау – таза Ертіс» сенбілігі өтті.

Курчатов қаласының Құрметті азаматы Шахмұрат Төлеутаев бірлескен күш-жігермен өзенді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап қана қоймай, Ертісімізді таза ету үшін ғана емес, баршамызға қандай ұлы жерде өмір сүріп жатқанымызды еске салу үшін шықтық. Өзен тасығанына қарамастан, курчатовтықтар жағалауды қыстан қалған қоқыстардан тазартып, ағаштар отырғызды. Бір ғана үлкен отбасы ретінде біз облысымызды Қазақстандағы ең таза өлкеге айналдыратынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Шахмұрат Төлеутаев.

3 сағат ішінде өзен жағалауы тап-таза болды. Еріктілер, қоғам белсенділері, қала тұрғындары сенбілікке шығып, 120 қап қоқыс жинай алды. Іс-шара барысында ағаш отырғызу, қоқыстарды, жапырақтарды жинау жұмыстары жүргізілді. Іс – шараға 300-ден астам тұрғын қосылды. Бұл 8 ұйым мен кәсіпорынның өкілдері. Сонымен қатар, апталыққа 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button