Абай облысыМерекеТОП

Абай облысында 102 жасар соғыс ардагері биыл Жеңіс күнін жаңа пәтерде қарсы алуда

Өңірімізде жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары күн санап азайып барады. 102 жастағы қимылы әлі де ширақ жерлесіміз Әбдіғали Қаймолдин қаламыздағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, жасы үлкен майдангер қарттардың бірі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Ж.Нутпаев, Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Қ.Утяпов және Ұлттық Қауіпсіздік органдарының Абай облысы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Матаев Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Әбдіғали Қаймолдинді келе жатқан айтулы мереке – Жеңіс күнімен құттықтады.

Олар ардагердің бейбіт өмір үшін отқа түсіп, елі үшін жанын беруге даяр болған кешегі жауынгер, бүгінгі ардагеріміз Әбдіғали атаның ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайтынын жеткізіп, арнайы сыйлықтарын тарту етті.

«Барлығымызға белгілі былтыр Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында ел президентінің жарлығымен сізге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Оған барлығымыз куә болдық. Бүгін міне араға 1 жыл салып, тағы қуаныштың үстіне келіп отырмыз. Сізге кең, жаңа үйден пәтер сыйлады. Жаңа қонысыңыз құтты болсын! Әбдіғали ата біздің ардагерлер кеңесінің ең үлкен мүшесі. Біз бұл кісімен қай жерде болсақ та мақтанамыз!»,- деді, Ұлттық Қауіпсіздік органдарының Абай облысы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахмет Хафизұлы.

Ғасыр көрген соғыс ардагері Әбдіғали ата өзіне көрсетілген сый құрметке разылығын білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button