Абай облысыТОП

Бесқарағайлық еріктілер ардагерлердің үйлерін тазалауға көмектесті

Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Апта ішінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

«Өнегелі ұрпақтың ізгілігі» ұранымен жастар мен еріктілер қарттар және ардагерлердің үйлеріне тазалық жұмысын жүргізді. Шараға 570-ке жуық тұрғын қатысты.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында үй аулаларын жинау, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар жасалды. Бұдан бөлек, 1000 аса адам тұрақты қатысатын сенбілік өтуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button