Биыл Абай облысында 10 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейді
Абай облысының Білім басқармасының 2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Биыл өңірде 10 жазғы сауықтыру лагері жұмыс атқармақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының әдіскері Сауле Дюсюмбекова мәлімдеді.
- Ағымдағы жылы мемлекеттік 10 лагерьдің ішінде 7 мемлекеттік лагерь, 3 жекеменшік лагерь жұмыс атқарады. Оның ішінде білім беру ұйымдарына ведомстволық бағынысты – 6; 1 ⛹🏻♂️- «Достық» спорттық-сауықтыру лагері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 Ж. Үшкемпіров атындағы Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебіне жатады. Жекеменшік 3 лагерь: «Аicamp», «Кристалл» және «Лесная сказка» лагерлері, -деп атап өтті Сауле Дюсюмбекова.
Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында балалар лагерьлері жоқ, бірақ әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың демалысын осы аудандар облыстың басқа аудандары мен қалаларының лагерьлерінде ұйымдастырады. Осы жылы жазғы сауықтыру лагері 4669 баланы қамтылмақ.
- Әр түрлі демалыс түрлерімен алдын-ала қамту дайындалды. Жұмысты ұйымдастыру жоспарлануда. 2024 жылы «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының «Жаздық жолдама» республикалық жобасын іске асыру жалғасады және түрлі конкурстарда, жарыстарда, олимпиадаларда нәтижелерге қол жеткізген 696 ауылдық мектеп баласы «Үржарайым» мен Алматы облысындағы лагерьде тегін демалады, – деп қорытындылады спикер.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданыстағы 10 лагерьде 89 бейнекамера, 3 лагерьде ескерту жүйесі орнатылған. Оның ішінде біреуі ішкі істер органдарының жедел басқару Орталығына қосылған болса, 7 лагерьде арнайы қоршау жасалған. Лагерлер аймағындағы су айдындарына төтенше жағдай басқармасы сақтық шараларын жасап, күнделікті тексеру жүргізіп отырады.
Semeynews.kz