Абай облысыТОП
Ақсуат ауданында нашақорлықтың, құмар ойындардың алдын алу бойынша кездесу өтті
Абай облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Жастар арасындағы түрлі тәуелділіктердің алдын алу» жобасы аясында Ақсуат ауданының студенттері мен жастарымен ақпараттық кездесу өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараның мақсаты нашақорлықтың, құмар ойындардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Спикерлер құқық қорғау органының, денсаулық сақтау және қоғамдық қорының өкілдері нашақорлықтың зияны, оның салдары мен алдын алу шаралары туралы айтты.
Қатысушыларға нашақорлықтың зияны мен оны жеңу жолдары туралы толық ақпарат берілген ақпараттық брошюралар таратылды.
Кездесу салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық шарамен аяқталды.
Semeynews.kz