Абай облысыТОП

Абай облысының полицейлері балаларға есірткінің зияны туралы айтып берді

Қазіргі уақытта жастар арасында нашақорлық кең ауқымға ие болды. Жасөспірімдер үшін басты қауіп-нашақорлармен байланыс және олардың есірткіні қолдану туралы ұсынысқа «жоқ» деп айта алмауы. Сонымен қатар, жастар есірткіні қолдану немесе сату – бұл қылмыстық жазаланатын әрекет болатынын әрдайым түсіне бермейді.

Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басты міндеттерінің бірі есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыра отырып, полицейлер облыс орталығында ғана емес, облыс аудандарында да оқушылармен және оқу ұйымдарының студенттерімен профилактикалық құқықтық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “СОЦКЗ” қоғамдық қорымен және Семей қаласының наркологиялық қызмет бөлімімен бірлесіп, орта мектеп оқушыларымен кездесті. Жарма ауданындағы Маяковский атындығы мектебінің оқушыларына есірткінің зияны және есірткі айналымының құқықтық салдары туралы айтты.

Сонымен қатар, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында есірткіге қарсы іс-шаралар өткізілді. Орта мектеп оқушылары үшін дәріс өткізілді, одан кейін «Есірткіге қарсы Спорт!». Спорттық іс-шараға қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекет саясатын қолдай отырып, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бөлігінде есірткіге қарсы іс-шаралармен Абай облысының барлық оқу ұйымдарын қамту жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button