ПроисшествияСемейТОП

Семейде үш пәтерлі жер үй өртенді

Семейде үш пәтерлі жер үй және шаруашылық құрылыстары өртенді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымда 00 сағат 51 минутта саяжай массиві аумағында ағаш құрылыстар мен монша өртенді. От өте күшті болды және маңайында орналасқан монша құрылысына таралды.  Өрт сөндірушілер отпен күресіп, 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. ШҚО ТЖД мамандарының алдын ала болжамы бойынша өрттің шығу себебі – отпен абайсызда жұмыс істеу.

Фото: Семей қ. ТЖБ

Дәл осындай себептер бойынша, түнгі 03 сағат 09 минутта Семей қаласында тағы бір өрт орын алды. Комсомол көшесі бойындағы барақ типтегі, үш отбасына арналған жер үй өртенді. От үйге жанасқан дәлізге тараған. Өрт сөндірушілер 145 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 4 бірліктегі техника жұмылдырды.

ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сатаң сақтауды ескертеді.

 

 

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button