СемейТОП

Семейде өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Отырыста Семей өңірінің орманды дала өрттерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Семей қаласы әкімдігінің бөлімдері мен Жаңасемей ауданының ауылдық округтерінің әкімдеріне елді мекендердің айналасында жер жырту, қала аумағында қамыс шабуды ұйымдастыру, өзен мен көлерде адамдардың қауіпсіздігін қадағалау, қалалық жағажайларды ұйымдастыру және демалыс кезінде балалардың қауіпсіз демалуы бойынша ұсыныстар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button