Бұған дейін ТЖК кеңесінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ТКШ бөліміне Қамысты уақтылы кесуді тапсырған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Құрғақ шөп пен Қамысты уақтылы шабуды тапсырамын, өртке қарсы жұмысты алдын ала жүргізу қажет”, -деген болатын қала басшысы.
Қазіргі уақытта Қамысты кесу мына мекенжайлар бойынша жүзеге асырылуда : Затон, Красный Кордон, Мирный, Водный, Контрольный және Шығыс кенті.
Бұл жұмыстар қажет деп танылған барлық аудандарда жүргізіледі. Бұдан бөлек, арық арналарын лас судан тазарту, өсіп кеткен қамыстарды шабу, жинақталған қоқыстарды шығару жұмыстары қолға алынды.
Құрметті тұрғындар, құрғақ шөптің жануы нағыз апатқа алу келуі мүмкін.
Мұндай өрттердің себебі көбінесе өртті абайсыз пайдалану болып табылады. Абайсызда тасталған темекі тұқылы немесе сіріңке құрғақ шөпті мақсатты түрде өртеу үлкен аумақтарға тез таралатын өрттің пайда болуына әкеледі.
Шөп өрттері, орман өрттерінен айырмашылығы, едәуір массивті, үлкен аумақтарды қамтиды және ең бастысы, бірнеше есе тез таралады, бұл оларды сөндіруді қиындатады.
Semeynews.kz